Соңғы бес жылда 3 миллионнан астам қазақстандық газға қосылды

0

2018 жылғы 18 қараша 11:15 16

Соңғы бес жылда 3 миллионнан астам қазақстандық газға қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Соңғы 5 жылда 3 миллионнан астам қазақстандық газға қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар



Жамбыл облысы: Үйге газ тарту 83 мың теңгеге дейін төмендеді

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың мәліметінше, бүгінде еліміздің 11 облысындағы 8 миллионнан астам қазақстандық газ пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Соңғы 5 жылда 3 млн-нан астам қазақстандық газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Ал тұрғындарды газдандыру деңгейі 2013 жылғы 30%-дан 2018 жылы 48%-ға өсті.

2013 жылы 5 миллионға жетер-жетпес тұрғын тауарлық газды пайдаланатын. Егер 5 жыл бұрын елімізде газдандырылған абоненттер саны 1 056 406 болса, 2018 жылғы қараша айында олардың саны 1 777 394-ке жетті. Өсім 68%-ды құрап отыр», — делінген хабарламада.

Бүгінде Елбасының «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты бағдарламасын жүзеге асыру аясында шалғайда жатқан аудандар мен ауылдарды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

«ҚазТрансГаз» АҚ газды ішкі нарыққа төмен бағамен жеткізеді, осылайша қазақстандық тұтынушыларды субсидиялайды. Осының нәтижесінде ішкі нарықтағы сауда операцияларынан келетін шығын жыл сайын шамамен 50 млрд теңгені құрайды», — делінген хабарламада.