Сонда Тоқаев өтірік айтты ма: Павлодар бас санитары Президенттің сынына жауап берді

0
161
Advertisement

Кеше мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізген болатын. Кеңесте Тоқаев бірнеше өңірдің коронавирусқа қарсы шараларын сынаған. Оның ішінде Павлодар облысы да бар.

Бүгін Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев өңірде COVID-19 жұқтыру дерегін жасыру жағдайы болмағанын айтты.

Сонда заңды сұрақ туындайды. Тоқаев өтірік айтты ма? Мәселені ашық айтқан мемлекет басшысының сыны орынсыз болғаны ма?

Қазан айында зертханалық зерттеулер мен санитарлық қызметтердің деректері арасында 50 сәйкессіздік болған. Бүгінгі күні бұл жұмыс бір жүйеге келтіріліп, деректер жалпы статистикаға қосылған.

– Сәйкессіздіктер болды, бұл шамамен 50 жағдай, қазір олардың барлығы жалпы статистикада есепке алынған. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын есепке алу мен тіркеу жолға қойылды деп айта аламын. Біз зертханалармен күнделікті мониторинг жүргізген кезде, олардың деректері мен шұғыл шақыртулар салыстырылады. Сол себепті бізде жасыру фактілері жоқ, – дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз