«Солтүстік Қазақстанда у шашып жатыр»: Желідегі ұшақтың видеосы жұртты шошытты

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысында көкке көтерілген ұшақтың видеосы тарап жатыр.
Бұл шын мәнінде фейк ақпарат. Бұл туралы StopFake басылымы жазды.
Шын мәнінде, бұл кадрлар 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланған. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус нольден төмен боғлан.
Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір күйінде қозғалатын ұшу аппараттарынан кейін атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдарынан пайда болады.