Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 10:49 149

Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Петропавл қаласында «Қызылжар — адалдық алаңы» атты жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жобалық кеңсенің миссиясы — тұрмыстық жемқорлық деңгейін қысқарту, жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Петропавлдағы кеңсе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің қатысуымен ашылды.
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

«Адалдық алаңы» — бұл Астанада тиімділігін танытқан бірегей жоба. Оның аясында үлкен әрі кешенді жұмыс жүргізілді», — деді О.Бектенов.
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Баспасөз қызметінде басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қоғам тарапынан қадағалауды жандандыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған. Жоба жұмысына мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, азаматтық сектор және БАҚ өкілдерін тарту көзделіп отыр.

«Осыған ұқсас жобалық кеңселер мемлекетіміздің барлық аймақтарында іске қосылған», — деп қосып өтті баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Автор: Олеся Жуковень

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz