Солтүстік Қазақстанда көлік жүргізушісі 18 жастағы жігітті қағып, өлім аузына тастап кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы жігітті жолда қағып кеткен жүргізуші оны өлім аузына тастап кетті,  деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

жол апаты

Оқиға 7 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының жанында болған.

«2002 жылы туған осы ауылдың тұрғыны табылды. Анықталғандай, жас жігіт орталық аудандық ауруханада жол апаты салдарынан алған жарақатынан көз жұмды», — деді СҚО полициясында.

Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің «көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан» бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Полицияда бұл мәселе ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ЖКО-на кінәлі адамды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деді полицияда.

 

stan.kz