Солтүстік Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

0
11

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазіргі кезде көліктің барлық түрі «Петропавл қаласының айналма жолы» учаскесі арқылы жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Челябі – Новосибирск тас жолы су астында қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биіктігі 120 сантиметр болатын қызыл су тас жолдың 528-ші шақырымында ұзындығы 230 метрлік учаскені басып қалған.

Сондай-ақ, аталған тас жолдың 529-шы шақырымындағы 420 метр жол учаскесін биіктігі 60 сантиметрлік су жапқан.

Қазіргі кезде 20-шағын аудандағы Мамлют айналма учаскесінің 525-529 шақырымында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ал көліктер «Петропавл қаласының айналма жолы» учаскесі арқылы жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қарағанды облысында төтенше жағдайдың алдын алуды тапсырды

Айта кетейік, жабылған жолдарға байланысты арнайы ескерту белгілері орнатылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.



sputniknews.kz