Солтүстік Қазақстанда ФАП мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғызылды

0
54

Бұрынғы ғимарат әбден есіргендіктен, ауыл тұрғындары бұл күнді асыға тосты. Әсіресе, осы салада фельдшер болып 38 жыл еңбек еткен Талғат Саитовтың қуанышында шек болмады. Зейнетке шықса да еңбек етіп жүр.

Су жаңа медициналық мекемеде 3 медбике  қызмет етеді. Елді мекенде 860 адам тұрады. Олардың 148-і мектеп оқушылары болса, 10-ы– жүкті әйелдер, 176-ы– зейнеткерлер . Диспансерлік есепке 232 адам алынған. 169 адам жүрек- қан тамырлары ауруына шалдыққан.

Жеке инвестор ғимараттың құрылысына 22 млн теңге, ішкі жабдықталуына бюджеттен 2 миллион теңге бөлінген.

«Өңірде 520 медициналық пункт бар. Қазір барлық елді мекендер толық қамтамасыз етілген. Бірақ көбісі ескі ғимараттарда немесе мектептің ішінде орналасқан. Келесі жылы кем дегенде 30 шақты ФАП пен медициналық орталық ашу көзделіп отыр», дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/