Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған

0

Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс базасында 17 жастағы қызды зорлап кетті. Осы іске қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 11 маусымда полицияға Петропавл қаласының тұрғыны хабарласып, «Березовая роща» демалыс базасында қызын зорлап кеткені туралы арыз түсірді.

«Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1 тармағы (Зорлау) мен 121-баптың 3-1 тармағы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 17-20 жастағы Петропавл қаласының бес тұрғыны ұсталды», — дейді полицейлер.

Айта кетейік, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі кезде үш жігіт уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ал екеуіне қатысты шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалды.