Солтүстік Қазақстанда әйел жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Қысқа сілтеме алу
Облыстың полицейлері ауладағы үй-жайға жасырылған қыздың мәйітін тапты, нәрестенің анасына қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері өзінің жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен Обуховка ауылының 27 жастағы тұрғынын ұстады.
Пакетке оралып, ауладағы үй-жайға жасырылған қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама полицияға 25 ақпанда түскен, деп хабарлады Polisia.kz.
Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды
Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы жергілікті тұрғындар берген ақпаратты растады.
«Оқиға болған жерді тексеру барысында тергеу-жедел тобы үй-жайдан зорлықпен өлтіріліп, пакетке салынған қыздың мәйітін тапты», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша тіркелген.
Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
sputniknews.kz