Солтүстік Қазақстанда әйел мен 3 жасар қызының қанға боялған денесі табылды
Қысқа сілтеме алу
Аудан орталығында тұратын әйел мен кішкентай қызын өз үйінде өлтіріп кеткен
ПЕТРОПАВЛ, 9 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында әйел адам мен оның үш жастағы қызы өлі табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Мамлютка аудан орталығында 8 тамыз күні кешке болған.
«Ауласындағы шаруашылық үй-жайдан пышақ жарақатын алған 39 жастағы әйел мен 3 жастағы қызының денесі табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қылмыс жасады деген күдікті – әйелдің 25 жастағы танысын ұстады, ол Мамлют ауданының бұрын сотталған тұрғыны», — деп полиция ақпарат берді.
Тағы оқыңыз: Шымкентте он жыл бұрынғы жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды
Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр.
Бұл бап бойынша айыпты деп танылса, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.
sputniknews.kz