Солтүстік Қазақстанда 11 ауылға  таза  су жеткізілді

0
127

Үлкен қуанышқа кенелген елді мекендердің бірі–Дмитриевка. Осында тұратын 600-ге жуық тұрғын көп жылдан бері ауыз суды  тасып ішетін. Енді ауыл ішіне су колонкалары тартылып, кез келген уақытта пайдалануға болады. 300-дей тұрғыны бар Дзержинский ауылы да суды тасып жеткізетін машақаттан біржола құтылды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Елеусізовтың айтуынша,  облыстық қазынадан 59 миллион теңге бөлініп, 38 шақырым  су тарату желілері қалпына келтірілген.

«Былтыр ауданда су тарату желілерін қайта жаңарту, резервуарларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 114 су тарату колонкасы, қосымша 7 құдық орнатылды. Биыл  45 шақырым су тарату желілері қалпына келтіріліп,167 құдық қойылады.  Докучаево, Дружба, Жарқын, Белоградовка ауылдарында  су тарату желісі мүлдем болмағандықтан қайта салынды», дейді аудандық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-құрылыс бөлімінің жетекшісі Айбек  Қоржынбаев.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/