Солтүстік Қазақстан облысында күйеуін өлтірген 3 жылға сотталды: Алқабилер оның жазасын жеңілдетті

0

Солтүстік Қазақстан облысының МАҚС-да алқабилердің қатысуымен бұрынғы күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Алқабилер айыптауды ҚК-нің 99-бабынан (кісі өлтіру) 104-баптың 1-бөліміне өзгертті (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу). Жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Кінәні ішінара мойындау, соттылығының болмауы және сотталушының оң мінездемелері жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлайтын мән-жайлар – мас күйінде қылмыс жасау”, – делінген ақпаратта.

Мәліметтерге сүйенсек, туыстарында қонақта болған әйел алкогольдік ішімдік ішіп, бұрынғы күйеуімен жанжалдасып қалған. Жеке өшпенділік қарым-қатынастан алкогольдік мас күйінде ол өзінің бұрынғы күйеуін бұрыннан өлтіруді ойлаған.

“Әйел адам оның алкогольдік масаң күйде болғанын пайдаланып, тиісті қарсылық көрсете алмаған соң, асхана пышағымен оның кеуде тұсынан ұрған. Ер адам пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болған. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 14 жыл отасқан күйеуін асқан қатігездікпен өлтіргентүркістандық Құндыз Молдабекованың жантүршігерлік қылмысқа не себепті барғанын жаздық. Қылмыскер күйеуін пышақтап, артынан денесін балтамен бөлшектеп тастаған.