Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі күшейтіледі

0
15

Өңірде 30 адамнан коронавирус анықталды, қайтыс болғандар жоқ. 3 сәуірде Петропавл қаласы карантинге жабылды

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылдың 21 сәуірінен бастап карантин режимі күшейтіледі, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 21 сәуірі сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі», – делінген ақпаратта.

Соған сәйкес, тұрғындарға аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарынан кіріп-шығуға тыйым салынады.

Кімдерге кіріп-шығуға рұқсат берілген:

  • халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне;
  • медициналық себептермен кететін және кіретін адамдарға;
  • карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдарға облыстан шығуға;
  • транзиттік жүк көліктеріне;
  • халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктеріне;
  • көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынып жүруге болады.

Сонымен қатар облыста әуежай, теміржол вокзалдары, автостанция мен автовокзалдардың қызметі тоқтады.

Айта кетейік, 3 сәуірде Петропавл қаласы карантинге жабылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 30 адамнан коронавирус анықталды, қайтыс болғандар жоқ.

Қазақстан бойынша науқастардың саны 1 757 адамға жетті, 19 адам көз жұмды.



sputniknews.kz