Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры Ахметова сотталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Колледж директоры төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне 50 мың теңге сомасында пара бергені белгілі болды 

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жемқорлық қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды», – деп хабарлады агенттік.

Ол төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне тексеріс кезінде анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 50 мың теңге сомасында пара берген. Ал колледж фармацевті Әбдікәрімова делдал болған.  

1 қарашада Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова пара бергені, ал Әбдікәрімова делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Тағы оқыңыз: Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

Бұрынғы директорға 500 мың теңге, фармацевтке 250 мың теңге айыппұл түріндегі жаза берілді.

Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз