Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыран ұшырды

0

Солтүстік Корея осы аптада екінші мәрте қысқа қашықтыққа баллистикалық зымырандар ұшырды. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігіне хабарлаған Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб басшыларының бірлескен комитеті өкілдерінің болжамынша, Пхеньян жаңа қаруды сынап көрген болуы ықтимал.

Хабарларға қарағанда, зымырандар ұшырылған жерінен 250 километр қашыққа жетіп түскен. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметінше, олар бұған дейін 25 шілдеде ұшырылған баллистикалық зымырандарға ұқсайды.

Сеул Пхеньянды баллистикалық зымыран ұшыруды тоқтатуға шақырып келеді. Оңтүстік Корея билігі зымыран сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға септесе алмайды деп санайды. Солтүстік Корея өткен жолғы зымыран ұшыру көрші елге АҚШ-пен әскери саладағы ынтымақтастығы үшін жасалған ескерту деп мәлімдеген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз