«Солармен бірге өртеніп кеткенім жақсы еді»: Иран генералы кешірім сұрады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Хосейн Салами қателік жібергенін мәлімдеп, ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарынан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар –Sputnik. Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Хосейн Салами Тегеранда зымыранмен атып түсірілген ұшақ үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды РИА Новости.

ISNA агенттігінің ақпаратынша, Иран парламентінде сөз сөйлеген Салами Украина лайнерін атып түсіріп қателікке жол бергенін айтқан.

«Өмірімде ешқашан бұлай қатты ұялған емеспін. Бәлкім біз қателік жіберген шығармыз, соның салдарынан көптеген отандасымыз қаза тапты. Алайда біз әдейі істеген жоқпыз, сол үшін де кешірім сұраймыз», — деді ол.

«Бортта өзім болып, солармен бірге өртеніп кеткенім жақсы еді. Алдымен Құдай, сосын Иран халқы мен қаза болғандардың отбасылары кешірсін бізді», — деп келтірді CNN Иран генералының сөзін.

Украина ұшағының апатқа ұшырауы

8 қаңтар күні таңертең Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737-800 лайнері апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 176 адам – 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты. Экипаж мүшелерінің барлығы украиналықтар, ал жолаушылар арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған.

Тағы оқыңыз: Қаза болған стюардессаның соңғы жазбасы: «Жұмыс, мен сені жақсы көремін»

Алғашқыда ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды деген болжам айтылды.

Алайда 11 қаңтарда ресми Тегеран Украина ұшағын зымыранмен байқамай атып түсіргенін мойындады.



sputniknews.kz