«Сол жалақыны қазаққа төле»: Жәния Джуринская филиппиндік бала күтушісіне қанша жалақы беретінін айтты
Отандық телехикаялардың басты рөлін сомдап жүрген актриса Жәния Джуринская қызы Сафияны бағу үшін филиппиндік күтуші жалдаған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқырманға актрисаның бұл әрекеті жақпай қалды. Бірі қолдап, шетелдік бала күтушіге қызықса, екінші тарап “құтырған қатын”, “қазақтан бала күтуші табылмады ма?” деп пікір жазған.
Жәния Джуринская оқырмандарынан мұндай реакция күтпегенін айтып, барынша түсіндіруге тырысты.
“Маған бұл идеяны өнердегі құрбым Луина ұсынды. Оның да бала күтушісі – филипиндік. Визасы және ұшып келуі үшін агенттікке екі миллион бердім. Ал ай сайын 900 доллар (шамамен 419 591,61 теңге) жалақы төлеймін. Бір ғана мақсат – үйде бәрінің ағылшынша білгенін қаладым”, – деп қысқа қайырды.
Ал енді жас ананы жақтап, қолдау білдіріп жатқандар да жоқ емес. «Кімнің қандай шаруасы бар», «Қалтаң филиппиндік бала күтушіні жалдауды көтеріп тұрса, неге алмасқа?! Осындай адамдарды түсінбеймін», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актрисаның екінші сәбиіне жүкті екенін жазған болатынбыз. Ол жоспарлы түрде кесарь тілігін таңдаймын дегенді жиі айтып жүр. Өйткені алғашқы босануы ауыр болып, актрисаның ағзасы шок алып қалған көрінеді.
фото: ғаламтордан