Сөйтіп 1-ші желтоқсан тақпақ айтатын күнге айналды: 1991 жылы желтоқсанда Қазақстанда не болды?

0

Журналист Асылхан Мамашұлы 1991 жылығы Қазақстанда болған жағдайды баяндап берді.

«Өкімет сайлауды желтоқсанның біріне белгілейді. Кандидат болғысы келетіндердің қол жинауына бір ай береді. Бірақ желдің қайдан соғып тұрғанын алыстан сезетіндер қол жинап әуре болғысы келмейді. Күркіреп жүрген Олжастың өзі жеме-жемге келгенде аяқ тартады.

«Біз туғанда да шешеміз қалжа жеген шығар» деп Хасен Қожа-Ахмет белсеніп шығады. 42 жаста, сартылдап тұрған кезі.

Сол-ақ екен өкімет қол жинауға берген бір айын дереу он күнге қысқартып тастайды.

Қысқартқаны ештеңе емес, Хасен Қожа-Ахмет жинап қойған қолды ең соңғы күні тартып алып, әумин қылады:) Жалғыз бәсекелестің желкесін сайлауға жеткізбей қияды өстіп.

Сөйтіп жеткен желтоқсанның бірі тақпақ айтатын қасиетті күнге айналады деп кім ойлаған:)

Айтпақшы, 1991 желтоқсанның біріне Қазақстан президенті сайланған жоқ, Қазақ ССР президенті сайланды. Небәрі 16 күннен кейін тәуелсіздік жарияланды.»

«Қызығы, сол жылы 10 желтоқсан күні антты Назекең жоқ мемлекеттің атын атаған ғой. Қазақ ССР емес, Қазақстан республикасы емес, антында «Қазақ республикасы» дейді» деп жазды журналист Нұрбек Түсіпхан.