«Сөйлей алмайды»: Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

0

Жамбыл облысында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз өз-өзіне келді. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ол қиын сәтте дәрігерлерге және барлық қазақстандықтарға отбасын қолдағаны үшін алғысын білдірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз! Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахиостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады, ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз», — деді Тимур Жаналин.