«Соғысты тоқтатыңдар»: Ресейлік телеарна тікелей эфиріне күтпеген жерден белгісіз қыз плакат ұстап шықты

0
488
Фото paranoia.kz telegram арнасынан алынды

Ресейлік Бірінші арнаның жаңалықтары кезінде соғысты тоқтатуға шақырған плакат ұстаған қыз пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Mash басылымына сілтеме жасап.

«Сіз күтпеген кибертеррор. Бірінші арнаның эфиріне өткір саяси плакат ұстаған қыз шықты. Жаңалық релизі тоқтатылмады.

Біздің ақпаратымыз бойынша, теледиверсияны Бірінші арнаның қалалық бөлімінің редакторы Марина Овсянникова ұйымдастырған. Қазір ол ұсталды, олар полиция бөлімінде», — деп жазды Instagram желісіндегі Mash парақшасы.

Кейінірек РИА Новости хабарлағандай, Бірінші арна эфирге бөгде адам шыққан соң ішкі тексеруді бастаған.

«Время» бағдарламасының тікелей эфирінде шынымен де кадрда бөгде адам болған оқиға болды, ішкі тексеру жүргізілуде», — деп хабарлайды сайт арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық журналист Жайна Сламбек осы оқиғаға қатысты өз ойын айтып өтті.

«Марина Овсянникова — 1 канал(Ресей) редактор болып істейді, тікелей эфирге атып шығып, соғысты тоқтатыңдар, бұл жерде өтірік айтады деген плакат ұстап тұрды! Алдында бейнежазба жасаған — Украинаға басқыншылық соғысы үшін ұялатынын айтып. Оны ұстап әкетіп, қылмыстық іс бойынша айып тағып үлгерді. Марина, Марина!» — деп жазды журналист.