Соғыс жалғасады. Зеленский Ресеймен келіссөздерге қанағаттанбағанын айтты

0

Украина президенті Владимир Зеленский желіде жаңа бейнеүндеу жариялап, 28 ақпанда Беларусь аумағында өткен Мәскеу мен Киев келіссөздерінің қорытындысына қанағаттанбайтынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Зеленскийдің сөзінше, Ресеймен келіссөз Киев күткен нәтижені берген жоқ.

“Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды өтті … әзірге біз өзіміз қалаған нәтижеге қол жеткізе алған жоқпыз”, – деді Украина басшысы.

Зеленский келіссөздердің барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және тараптардың әрқайсысы өз көзқарасын білдіргенін жеткізді.

“Ресей өз ұстанымын мәлімдеді. Соғысты аяқтау үшін біз де өз талаптарымызды айттық. Кейбір ишараларды ұқтық”, – деді ол.

Сонымен қатар, Украина президенті Украина-Ресей диалогының болашағы туралы айтты. Ол делегациялар кездесуде талқыланған жайттарды өз басшылықтарымен кеңесуге, содан кейін келіссөздердің жаңа кезеңіне өтуге келіскенін атап өтті.

«Делегация Киевке оралғанда естігендерін талдап, келіссөздердің екінші кезеңіне қалай өту керектігін анықтаймыз», — деп түйіндеді ол.