Собор жақтан бір нəрсе атылды: Сәтбаев оқиғасының ішінде болған журналист не болғанын айтты
Кеше түнде, Сатбаев қаласының тыныштығы бұзылды. Мен басында, қыз жоғалды деп түнгі 11 шамасында болу керек қыз баланың суреті келгенде, қатты мəң бермеппін өкінішке орай…((. Түнгі 3 тер шамасында, балконда ашуға шықсам, халықтын шулаған дауыстары шықты. Ватсаптан УВД алдында халық көп жиналып жатыр деген соң, бүлдіршін қызыды, орыс зорлапты деген соң, шыдай алмай, арты ұлтараздық қақтығысқа ұласады ма деп, жаным тыныш таппай түнгі 4 тер шамасы сонда бардым.(Оның алдында не болғаны маған беймəлім).
Қаз қалпында жазып отырмын. Барсам, халық көп, быраз жігіттер, зобор мінген машинаға тас атқылап, əлгі автобусты құлатқалы жатыр екен. «Ішінде шопыр отыр» деген соң, бір жағы тас атқылаған жігіттер арандатылып қалмасыңшы деп, тас атқан ортаға ойланбай кірдім. Халықты тоқтатуға тырыстытым, автобусты айналып, жігіттерді » қойыңдар » деп құшақтап. Басуға тырыстым, құлатпауына барынша əрекет жасадым, басу айттым. Қайта, жігіттерге мың рахмет сөзіме құлақ асты. Сəл кешіксем, не болатынның ойлаудың өзі қорқынышты. . Сөйтіп автобуты айналып жүргенде, ішінен топырлап сбор жігіттері жүгіріп шығып, өзім тек шопыр деп ойлағанмын ғой. Олар жүгіріп, заборы жұлынған УВД алдына тұрды. Əрі қарай халық оларға қарай атылды. Маған жан-жақтан, «кет, тас тиеді, жағаласпа » деп жатты, сонда да тындамай бір бұғып, бір секіріп, үлкен тас үстіне шығып қол бұлғап, халықты барынша сабырға шақыруға тырыстым. Жан-жағым ала сапыран, халықтың уəжін тындауға тырыстым, талап » Педофильді қолымызға берсін, халықтын алдына шығып, əкімдіктен бір адам шығып түсіндірсін » деді. Қасымда тағы жігіттер бар, олар да халықты сабырға шақырып жатты. Мен ішке кіріп, «əкімдіктен кім бар, халық алдына шығып, сөйлейтін кім бар» дедім. Расы керек, ажатаждан ба, əлде білмеймін ешкміді таппыдым.
Өзара келісіп жатқан болар деп, халық алдына шығып, тағы сабырға шақыруға тырыстым «30 минуттан соң, алдарыңызға шығып түсіндіреді, сəл күтейік » дедім. Кімге сөзім жетті, жеткізуге тырыстым » Заң жүзінде, олар педофильді бізге бере алмайды, заң солай» дедім. Заңынды білеміз деп халық реншітерін білдірді. 40 мин басқа да жігіттер бар, танымаймын кімдер халықты сабырға шақыруға тырыстық. Қандай жағдай болмасын, ұлтараздыққа жол бермейік дедік.Қолда не микорфон жоқ, дауыс қарылды . Жігітере бір дауыс шығарғыс алып келіпті, оның батарейі дұрыс істемей ме, халыққа əзер дауыс жетті. Тастын үстіне шығып, барынша халыққа түсіндіруге тырыстық бар дауысымызбен. Кейбірі тындамай тағы тас атқылап, сборға қарсы шықты. Машина , автобусты өртеді ме, əлде өртенді ме түсінбей қалдым, бір қарасам автобус, машина өртеніп жатты. От сөңдірушілер қайда дедік, бірақ келдмеді.
Собор жақтан бір нəрсе атылды ма, əлде қайдан шыққанын білмеймін, бір нəрселер пытыр-пытыр атылды, одан халық одан сайын өре түрегелді. Мен собор алдына барып, «халыққа оқ атпандар, ашуы одан сайын үдейді, артта 1000 аса халық тұр, ал ататын болсаңыздар, бірінші менен бастандар! » деп екі қолымды көтердім. Бірақ, сбор жігіттері, қорғаныштарынмен қорғанып тыныш тұрды сосын. Рахмет оларға. Сөйтіп халық пен екі ортада жүрдім. Басқа тағы бірнеше жігіттер жүрді мен сияқты..»күтіп тұрмыз, қайда шығатын адамын» деп одан халық та шулап, » иə бар əкел адамынды » деді. Олар о баста, «орталарында үлкен адам бар ма, диалогқа келейік » деген еді. Өкінішке орай ондай үлкен адам таппадық, амалсыз дəнекер болуға тырыстым. Басқа да жігіттер де, барынша халықты сабырға шақырып, басуға тырысты. Бір қыздар, өкінішке орай ішіп алған, шум шығарып, халық одан сайын көтерілді. Мен, ішке кіріп, бір кісі диалогққа шығам деген, мен бірінші шығып, соны халыққа түсіндірейінші деп едім . Халық уже басқаша, ашулы болды. Ешкім-ешкімді тындағысы келмеді. Одан тағы у-шу. Ақыры мені бір кісілер кінəлі етіп, » нұрбот, билік адамы, əдейі басқа жасақ келгенше бізді алдамақшы деді. Журналист, биліктің сатқын иті болдым. Тіпті, кейбірі бұл бізді тоқтатқаны үшін, қазір барып 1000000 алады деді.
Мен барынша, мен де сіздер сияқты халықтын адамымын дедім, журналисте, сатқын да емеспін дедім. Мен тек сіздер арандатылып қалмасыншы деп шырылдап жүрмін, заң » педофильді қолға бермейді » деп айтудан жалықпадым. Ақыры шаршап кеттім, əлігі жерде бір нəрселер айтылғанда, секіріп үлгерсем де, тура он жағыма түскеннен он жақ құлағым қатты шынылдап, быраз естімей қалдым, аяғым ақсандап қалды. Бірақ, не жағдай болса да, жастарым арандатылып қалмаса екен. Не де болса да, аяғына дейін барамын деп, отырдым бір машинаға сүйеніп, ішім алай дүлей қан жыласа да, бар эмоциямды іште сақтадым, жыламадым. Салқын қанды болуға тырыстым. Ақыры сбор халықты таратты. 15 шақты адам ұсталды ау деймін,енді ол жағын нақты білмеймін. Ақсандап үйге қайтым. Мен о баста барған мақсатым, арты ұлтараздыққа ұласпаса екен, билікке ренжіп жүрегін халық милиция мен халық болып, өзара қырылмаса екен. Ешкім жарақат алмаса екен дедім. Сол мақсатым орындалды. Шүкір. Үйге қайтқанша, ұсталған адамдар, шығарылып үстерінен іс қозғалмаса екен деп тілеп келдім. Əлі де соны тілеп отырмын. Мен ешқандай нұрбот, т.б емеспін, тек бар арманым қазақпен қазақ қырылмаса, ешбір отбасы мұнаймаса, ЕШБІР АТА-АНА, БАЛА ЖЫЛАМАСА ЕКЕН. БАР АРМАНЫМ ДА, ТІЛЕГІМ, МАҚСАТЫМ ДА СОЛ.
Қызғалдақ Қасым, Facebook парақшасынан