Смартфонның істен шығуының ең жиі кездесетін себебі белгілі болды

0
Смартфонның істен шығуының ең жиі кездесетін себебі белгілі болды


Сарапшылар америкалық қолданушыларға зерттеу жүргізіп, смартфонның бұзылып қалуының ең жиі кездесетін себебін анықтады

 SquareTrade компаниясының сарапшылары америкалықтарға зерттеу жүргізіп, смартфонның бұзылуының ең жиі кездесетін себебін айтты, деп жазады Sputnik.kz.

Зерттеуге сүйенсек, адамдардың 66 пайызы өз телефондарын өздері сындырып алған. Сондай жайттардың жартысында (29%) телефонның экраны сынған екен – АҚШ-та бір жыл ішінде 50 миллион гаджет бұзылған. Оны жөндеуге барлығы 3,4 миллиард доллар кетіпті.

Телефон иелері экранға сызат түскенде (27%), батареясы істен шыққан кезде (22%), корпусының қырлары ұрылғанда және сенсорлық басқару істемей қалғана (16 пайыздан) жөндеу шеберханаларының көмегіне жүгінеді.

Сарапшылардың айтуынша, смартфонның сынып қалуының жиі кездесетін себебі – адамның дұрыс пайдаланбауы. Абайсызда жерге құлатып алатындар ең көп кездеседі екен (74%). Суға құлатқандар — 39%, әжетханаға құлатқандар — 26%.

Сонымен бірге тұтынушылар телефонды жөндеуге қанша кететінін білмей, сынған смартфонды ұстап жүре береді немесе жаңасын сатып алады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз