Смартфон үстіне түсіп кеткен: Жасөспірім жуынып жатып көз жұмды

0
644

Ресейлік арт-блогер Анастасия Сосновскаяның ұлы жуынатын бөлмеде тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Блогер өзінің Instagram парақшасында отбасында қайғылы жағдай орын алғанын айтты.

Сосновскаяның ұлы суға түсіп жатқан кезде, оның үстіне зарядта тұрған ұялы телефон түсіп кеткен.

«Бастапқыда баламның неден қайтыс болғанын түсінген жоқпыз. Бірақ артынша тоқ соққаны белгілі болды. Суда жатқанда зарядта тұрған телефон ішіне түсіп кеткен. Ол телефонды қолымен ұстап, жерге лақтырып үлгерген. Алайда тым кеш еді. Осы аралықта тоқ соғып үлгерген. Күйеуім қатты дауыстан ваннаның есігін ашып, кірген кезде, баламыз көз жұмған», – дейді ол.

Осылайша блогердің 12 жастағы ұлы тоқ соғып қайтыс болды.

Блогер өзінің хабарламасында ата-аналарды балаларына жуынатын бөлмеде телефон пайдалануға тыйым салуға шақырды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету