Смайылов республикалық бюджеттің кірісі төмендегенін айтты

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жоспар 378 миллиард теңгеге орындалған жоқ. Оның орындалмауына салықтың азаюы себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша сыртқы факторлардың әсерінен республикалық бюджеттің кірісі 10,5%-ке төмендеді. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 89,9%-ке, оның ішінде республикалық кіріс 78,8%-ке, жергілікті бюджет 121,4%-ке орындалды.

«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу қарқыны 101,2%-ті, жергілікті бюджеттер 133,1%-ті құрады. Сыртқы факторлардың экономикаға теріс әсерінен республикалық бюджеттің кірістері 10,5%-ке төмендеді (89,5%)», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Республикалық бюджетке 1 триллион 402 миллиард теңге кіріс түсті.

Жоспар 378 миллиард теңгеге орындалған жоқ. Оның орындалмауына салықтың азаюы себеп болған.

«Біріншіден, коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізіп жатыр. Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушіден салық түсімі 49,1 миллиард теңгеге азайды. Бұдан басқа, есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік саны 29%-ке азайды», – деді министр.

Екіншіден, сыртқы нарықта негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның төмендеуі корпоративтік табыс салығының азаюына әкеп соққан. Мәселен, шикі мұнай – 22%-ке, мырыш – 21%-ке, мыс – 9%-ке, алюминий – 10%-ке, қорғасын – 10%-ке және феррохром – 12%-ке төмендеген.  

Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 132 миллиард теңгеге орындалмады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз