Смайылов кәсіпкерлікке кедергі келтіретін талаптарды алып тастауды мідеттеді

0
21

Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін артық және негізсіз талаптарды жақын арада алып тастау керек. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысына осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Министрік өкілі өз баяндамасында кәсіпкерлікке кедергі келтіретін 543 артық және негізсіз талаптар бар екенін айтты. Оларды алып тастау керек. Бұл жұмысты жақын арада аяқтау қажет. Жалпы, біз кәсіпкерлікке кедергі келтіретін 10 мыңға жуық артық талапты анықтадық. Бүгін біз өткен жылы бизнес саласындағы қандай мәселелерді шешкенімізге қорытынды жасадық. Былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20%-ға, яғни 1,7 млн субъектіге, шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің үлесі 9,3%-ға немесе 3,7 млн адамға дейін өсті», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің сөзінше, өткен жылы бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстардың арқасында кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі артқан.

Сонымен қоса Үкімет басшысы алқа отырыста министрлік басшылығана қант тапшылығын болдырмау бойынша нақты тапсырма берді.