Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді

0

Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы кулуарында журналистер Үкімет басшысынан елдегі білім саласына сене ме деген сұрақ қойды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Премьер-министрдің үш баласы бар.

«Әрине, білім саласына да, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Жеке өзім және жұбайым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен өзім Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқығанмын, ал балаларым Астанадағы мемлекеттік мектепте оқиды», — деп жауап берді Әлихан Смайылов.