Скриптонит Қазақстандағы концертін қаңтар құрбандарын еске алумен бастады (Видео)

0

Қазақстандық танымал музыкант Скриптонит (Әділ Жалелов) Алматыда өтіп жатқан концертін қаңтар оқиғалары мен Украинадағы әскери қимылдар кезінде құрбан болған жандарға үнсіздік жариялаумен бастады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

 “Концертті қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандарды және Украинада ажал құшқандарды еске алу үшін, бір минут үнсіздікпен бастағым келеді”, — деді әртіс.

Көрермендер әншінің сөзін қолдап, ду қол шапалақтады. Концерттен видеоны @Kozachkovv арнасы жариялады.