«Скотчпен байлап, күш көрсеткен»: Алматы облысында зейнеткердің жерлеуге жинаған 800 мың теңгесін ұрлап әкеткен

0
255
Сурет: www.tvc.ru

Алматы облысында қылмыскерлер зейнеткерге шабуыл жасап, одан жерлеуге арналған ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұзынағаш ауылының 82 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, 800 000 теңгесінің ұрлағанын хабарлаған.

Облыстық ПД деректері бойынша, аталған факт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Ұсталғандар Алматылық аға мен қарындасы және Еңбекшіқазақ ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ұсталғандардың айтуынша, адам тауып беретін әйелдің рөлінде бұрын сотталған келіншек болған. Одан апаның үйінде ақша ақша бергенін біліп, түскі уақытта өздерін электр қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып екі ер адам үй ішіне керген. Кұш көрсетіп кәрі әйелді скотч жабыстырып байлап тастаған. Ақшаны оның шкафының ішінен тапқан», – деп түсіндірді департамент.

Күдіктілерге тергеу аяқталғанға дейін қамауда ұстау шарасы қолданылады.