«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы ұсталды

0
0

Ол медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған, хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол төтенше жағдай жарияланған кезеңде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған.

«СК-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ресми хабарламада.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

«Соңғы шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – дейді агенттік қызметкерлері.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

12 шілдеде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Ерхат Есқалиев тағайындалды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз