«…сізге түк емес» дейді Гүлзира Айдарбекова

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың қамауда отырған ұлына деген сағынышы басылар емес. Қайрат Нұртастың анасы тұңғышына арнап, тағы бір жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртастың видеосын жариялап, елден сөз естіп қалды. Желі қолданушылары жұлдызды ананы «тым көп уайымдап кетті» деп сынға алған. «Не болды сонша уайымдап? 10 күнге ғана ортамызда болмайды», — деп жазды оқырман.
Продюсер бұл пікірге бірден жауап берді. «Сізге түк емес екенін білемін. Біздер ғой сағат санап жүрген», — деп жазды Айдарбекова. Басқа желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың анасына қолдау білдірді. «4 күн ғана қалды. Арамызға аман-есен оралсын», «Ана үшін 10 күн 10 жыл секілді», «Жұрт не деседе әркімнің баласы өзіне. Қайратқа сабыр тілеймін. 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз», — деп жазды олар.