сізге керек ақпарат, жеті ата туралы мақал, нақыл сөздер

0

Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі

Жеті атаға жетпей қосылғандарды қалай жазалаған?

Теріс бата – әке-шешесі алақанын теріс қарата жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.

Тас ату – әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен жастарға атқан.

Үстінен мал айдау – жерге жатқызып байлап, үстінен қоралы қойды өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген.

Елден аластау – екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген.

Асау жылқының құйрығына байлап, сүйретіп жіберіп те жазалаған.

Жеті ата туралы мақал-мәтелдер

  • «Жеті атасын білмеген – жетесіз»
  • «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді»
  • «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер».



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз