«Сіздің жалақыңыздан 1% ұсталады»: Вirgemiz қоры смс-хабарламаға түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтарға Birgemiz қорының олардың жалақысынан 1% ұстап қалатыны туралы смс-хабарлама келген. Осыған байланысты қор түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биргемиз

Журналист Джамиля Маричева қордың пайдасына еңбекақыдан ақша ұстап қалу туралы смс-хабарламаны әлеуметтік желіде жариялады.

«Сіздің жалақыңыздан #bizbirgemiz компаниясы аясында 1% ұсталады», — делінген хабарламада. Бұл ретте белгісіз сайтқа сілтеме көрсетілген.

Birgemiz қорында мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысынан ұйым пайдасына ұстап тұратыны туралы қауесетті жоққа шығарды.
«Мұндай смс-хабарламаларды біз таратпадық», — делінген қордың ресми мәлімдемесінде.

Birgemiz қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақы қорындағы қаражат қабылданбайды және болашақта да солай болады. Оның айтуынша, бұл қор қызметінің қағидаларына қайшы келеді, өйткені қайрымдылық қаражат тек ерікті негізде қабылданады.

 

stan.kz