«Сізді оқытамыз деп гипноздайды»: Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына қалай тап болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ыңғайлы жұмыс кестесі мен қомақты жалақы кімнің де болмасын назарын аудартаныны белгілі. Десек те қай кезде де мұқияттылықты жоғалтпаған жөн, себебі қазіргі күні қаржы пирамидаларының дәурені жүріп тұр. Алаяқтардың құрбаны болған қазақстандықтардың саны күн санап артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Жоғары жалақыға іліну үшін алдымен 5 мың теңгеге өнім сатып алу керек екен. Мұндайды бұрын-соңды естімеген Альбина Қуанышева алғашында сасып қалдым дейді. Жеңіл жұмыс кестесі мен үкен сомаға бірден иеленсін дегенді естіген ол қаржы пирамидасына араласып көруге бел буыпты. 

«Мен бірінші күні барғанымда маған клиенттер базасын беріп, осы адамдарды шақыр деген тапсырма берді. Егер олар менен бұл қаржы пирамидасы ма деп сұраса, бұл сұраққа жауап бермеуге тырысыңыз деп айтты. Менің тапсырмаларым осы болды», — дейді Альбина Қуанышева.

Осылайша Альбина қаржы пирамидасының бір мүшесі атаныпты. Бірақ бұл қызметте бір-ақ ай болып, кетіп қалған. Адамдарды алдау менің қолымнан келмеді дейді ол. 

«Жұмысқа келген кезде сізді тәжірибелі маман алдап-сулайды. Әйтеуір сізді сол жұмысқа тартудың амалын жасайды. Сізді оқытамыз деп гипноздайды. Алдағы уақытта жарқын болашаққа қол жеткізесіз деп те айтады», — дейді қаржы пирамидасының құрбаны. 

Қаржы пирамидасына мүше адамдардың барлығының негізгі міндеті бір: көбірек адам жинастыру. Жаңадан келгендердің табысы әлдеқайда аз көрінеді, бар ақшаға бұрыннан істеп келе жатқандар қол жеткізеді. Бірақ ол пирамида кез келген уақытта құлауы мүмкін, соның салдарынан оны құруға көмектескен адамдардың барлығы құры қол қалады. 

Танымал бизнес-тренер Жәнібек Қыдыралиев те осындай алаяқтардың құрбаны болған. Айтуынша, сол кезде олардың жұмысының бүге-шүгесіне дейін зерттеп біліпті. 

«Олар келгендерге психологиялық қысым көрсетеді. Нейромаркетингті пайдаланады. Адамдар көбі жалқау ғой. Олар жұмыс істемей, ақша тапқысы келеді. Мұны біліп алған алаяқтар өтірік олардың алдына шығып, қалай жылдам түрде үй немесе көлік сатып алып, шетелге қалай демалысқа кетуге болатынын айтса, соған жұрт сеніп қалады», — дейді бизнес-тренер. 

Қаржы пирамидасының құрығына түскен ол қазір өзінің сенімді кәсібін ашқан. Аз да болса да жалақымды адал жолмен тауып отырмын деп қосты Жәнбіек Қыдыралиев. 

 

stan.kz