“Сіздерден көмек сұраймын” — Асхат Садырбайдың экс-жұбайы үндеу жасады
Танымал журналист Асхат Садырбайдың экс-жұбайы ел алдына шығып, не үшін жан сырын ақтарғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
«Мен – Айғаным Болатқызы, Асхат Садырбайдың бұрынғы және екінші әйелімін. Баламның әкесімен бірге тұрғанда қорлық көргенім рас. Әлі де ол менің мазамды алып, балаға таласып, сотқа сүйреп жүр. Сіздер білер-білмес басымнан қаншама сот өтті. Бала сотынан бөлек қаншама соттар болды. Мен сұхбат беруге мәжбүр болдым. Сұхбат беріп едім, оны өшірткізіп тастады. Өзі де сол саланың маманы. Айтпағым, Асхат өзі секілді адамдардың өмірін талқылап, таңғалып рөл ойнап отыр”, – деді Айғаным.
Одан кейін экс-жолдасының бірге тұрғандағы ұнамсыз іс-әрекеттерін де айтып, елден көмек сұрады.
“Салтанаттың (Нүкенова – Бишімбаевтің әйелі) жағдайынан кейін мен Асхаттан кеткеніме қатты қуандым. Бір құдай сақтап қалған екен. Менің ішімнің ашып, жанымның қатты ауыратыны – ол мені қорлады. Бүкіл өмірімді видеоға түсіріп, ар-намысымды қорлап, өмірімді тас-талқан етті. Сұхбатта айтылған деректердің барлығы тіркелген сотта. Мен ішімдегі осы бір шіріген дүниеден құтылғым келді. Менің осыншама өміріме салмақ түсірді. Денсаулығыма, көңіл-күйіме қатты әсер етті. Басымнан сот арылмайтынынан, тыныштық бермейтінінен шаршап кеттім. Сіздерден көмек сұраймын. Асхат Садырбай маған тыныштық берсін», – деді журналистің экс-жұбайы.