«Сіз ең жақсы әкесіз».Алтынай Жорабаеваның жазбасы жұртты тебірентті (видео)

0
5311

Екінші мәрте тұрмыс құрған әнші күйеуі екеуінің арасында болған әңгімені желіге жариялады.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына күйеуі Әлішердің балажан екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі

«Алтынай: Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен.

Әлішер: Алла берсе де, бермесе де ризамын. Ол ненің хайырлы екенін бізден жақсы біледі. Төрт ханшайымым бар. Соларға қамқор болып, дұрыс әке болсам одан асқан бақыт жоқ маған.

Алтынай: Енді бәрібір өзіңнің балаң болу керек қой.

Әлішер: Тапқан емес, баққан әке»,- делінген жазбада.

Әншінің жазуынша, қыздары Әлішер әкесін жақсы көріп, сыйлайды.

Мен ешқайсысына «мені папа деңдер» деген емеспін. Керісінше, қыздар «сіз ең жақсы әкесіз, әке махаббаты мен мейірімін сізден көрдік дейді,

— деп жазды ол.

Алтынай Жорабаева осы жазбаның дәлелі ретінде видео жариялады. Бейнежазбадан күйеуінің кішкентай қызды ойыншықпен күтіп алып, құшырлана иіскеп жатқанын көруге болады.