«Сіз ең жақсы әкесіз».Алтынай Жорабаеваның жазбасы жұртты тебірентті (видео)
Екінші мәрте тұрмыс құрған әнші күйеуі екеуінің арасында болған әңгімені желіге жариялады.
Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына күйеуі Әлішердің балажан екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі
«Алтынай: Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен.
Әлішер: Алла берсе де, бермесе де ризамын. Ол ненің хайырлы екенін бізден жақсы біледі. Төрт ханшайымым бар. Соларға қамқор болып, дұрыс әке болсам одан асқан бақыт жоқ маған.
Алтынай: Енді бәрібір өзіңнің балаң болу керек қой.
Әлішер: Тапқан емес, баққан әке»,- делінген жазбада.
Әншінің жазуынша, қыздары Әлішер әкесін жақсы көріп, сыйлайды.
Мен ешқайсысына «мені папа деңдер» деген емеспін. Керісінше, қыздар «сіз ең жақсы әкесіз, әке махаббаты мен мейірімін сізден көрдік дейді,
Алтынай Жорабаева осы жазбаның дәлелі ретінде видео жариялады. Бейнежазбадан күйеуінің кішкентай қызды ойыншықпен күтіп алып, құшырлана иіскеп жатқанын көруге болады.