«Сіз деген – әдеп, біз деген — көмек. » — Ашық сабақтар — Bilim

0

Сабақтың  мақсаты:  : Оқушыларға сыйластық, қамқорлық  туралы түсініктерін кеңейте отыра, дұрыс әрекет  құндылығының мағынасын ашу.


Міндеттері:


  1. Оқушыларға достар арасында шындықты айта білуге үйрету. 
  2. Бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын  дамыту;
  3. Батылдыққа, шындықты айтуға, үлкендерге құрмет көрсетуге  тәрбиелеу.

Ресурстар: (әдістемелік құрал, интерактивтік тақта, үнтаспа, кітап)


Сабақ барысы:   5 «Т»


 Тыныштық сәтi.   «Нұрға бөлену»


Үй тапсырмасын тексеру.


Дәптердегі мерекелік кестені толтырып  келу.

Ескерту


Дәйексөз.                      


«Көп жүрген жер  — көңілді,


Көп еңбегі – өнімді»   


  1. Көп жүрген жер көңілді дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Неліктен көптің  еңбегі өнімді деп айтылған?

Қыздар 1-рет


Ұлдар 1-рет, бәрі қосылып 1-рет қайталайды.


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Бірлік


                   Е. Өтетілеуов


      Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді. 

-Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, — деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. 

-Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық,жарай ма? 

-Жарайды, — деді Данияр қуанып. 

Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап- күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды. 

-Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде- ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді. 

1. Әңгіме не туралы айтылған? 

2.« Бірлік » дегенді қалай түсінесіңдер? 

3.Жалғыз болып істеген жұмыстан, көп болып жасаған жұмыстың айырмашылығы бар ма? 


Мұғалімнің сыйы:  «Бірліктің күші» мультфильм

 


Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.


  1. топ. Жағдаяттарды сахналау.

    Лашынға  әке-шешесі жұмысқа кетерде:


-Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын  жинастыр, үйге су алып кел, -деп тапсырды. Лашын сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Лашынды ойнауға шақырды. Лашын әке-шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.


  • Сендер Лашынның орнында болсаңдар не істер едіңдер? Сендердің әрекеттерің

 


  1. Топ. Мақал – мәтелдерді жалғастыру.
    1. Көпшіліктен береке кетпес,

                Берекеден ………… кетпес.


  1. Бірлік бар жерде …… бар.
  2. Татулық – табылмас ……….
  3. Игілік басы -…………
  4. Бірлігі ………… ел тозады,

Бірлігі ………….ел озады.

 


 


 


1.Топ. Жағдаяттарды сахналап көрсетіп, өз жауаптарын айтады.


 


 


 


 


 


 


2-топ.  Мақал –мәтелдерді  жалғастыра отырып үй макетін құрайды.


 


Топпен ән айту.                


Мен әдепті баламын.


Б. Исаев


А. Асанов


Ойнап бал бұл жанамын,


Кітап оқи аламын.


Әке сөзін тыңдайтын,


Мен әдепті баламын.


                                          Талпынамын тоймаймын,


                                          Талабымды жоймаймын.


                                          Ұлы мақсат шыңына,


                                          Шықпай әсте қоймаймын.


Есейемін толамын,


Қияға ұшып қонамын.


Ойлау мұрат бүгіннен,


Өскенде кім боламын.

3 мин


Үй тапсырмасы.


Дәптердегі «Сіз», «біз» деген жылы сөз өлеңін оқып, түйген ойларыңды дәптерге жазып келіңдер.

1 мин


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.


Мұғалімнің сөзі:


  • Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер

көздеріңізді жұмып ой елегінен өткізіңіздер (көзді жұмып өздері сабақты іштей қорытындылайды).


Сіздерге көп рахмет! Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

 


 


Баяу әуен қосу.