Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

12 жылдан бері ел көзінен тасада болған Жанар Хамитованың тағдыры қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. «Арнау» тобының бұрынғы әншісіне халық әлеуметтік желі арқылы жылы лебіздерін білдіріп, аяққа тұрып кетуін тіледі. Ал әріптесінің жағдайынан хабардар болған Сиви Махмуди оны бірден жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)

Иә, бұған дейін ыдыс жуып, пәтерден пәтерге күнелтіп жүрген Жанар енді Сивидің отбасына қарасты мейрамханалардың бірінде әнші болып жұмыс істейді. Бұл туралы Махмуди мен Хамитова хабарлады.

«Бүгіннен бастап Жанар біздің кешенде жұмыс істейді, ән салады», — деп қуанышты хабарды жеткізді Сиви.

Көпшілік Сивидің қайырымдылығына риза болды. 

«Сізге Алла разы болсын», «Кеше Жанарды көріп, жүрек ауырып еді. Қолдау көрсетіп жатқаның Алладан қайтсын», «Жанардың қиын өмірін көріп, жылап алған едім. Сиви қол ұшыңды бергенің үшін мың алғыс саған», — деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары. 




stan.kz