Сиви Махмуди енді заманға сай ашық-шашық киінетінін айтты — новости Казахстана
Жуырда жаңа бейнебаянын халық назарына ұсынатын Сиви Махмуди ашық-шашық киінуге көшкенін айтты. Әнші бұл туралы 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасынада мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
Сиви бұл әрекетке заман талабына сай баратынын айтқан.
«Стилімді өзгертіп жатырмын. Бір қалыпта жүре берсең, халыққа қызықсыз болып қаласың. Сол үшін қолдан келгенше өзгеруге тырысып жатырмын. Енді мүлде шығыс әндерін орындамаймын. Ең бастысы, жолдасымның көзқарасы ғой. Сол кісімен ақылдастым, қарсылық білдірген жоқ. Кішкене ашық -шашық дегендей, стилімді өзгертіп жатырмын. Ашыңқырамасаң да болмайды енді. Қатты ашпаймын, бірақ. Жұбайым рұқсатын берді», -деді әнші.
Одан бөлек, әнші стилін өзгерткені үшін халықтан кешірім сұрағанын да жеткізді.
«Мен жазба салғанда да «Ренжімеңіздер, бұл менің жаңа образым, өзгеріп тұруымыз керек» деп жаздым. Сосын халық мені балағаттап тастай ма деп қорыққан едім. Жоқ. Керісінше, бәрі қолдап жатыр. Бір жаман пікір жазған жоқ»,- дейді Сиви Махмуди.
Естеріңізге сала кетейік, Сиви Махмудидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар