Сіріңкенің қорабын өздігінен қозғалтқан атай желіде қызу талқыға түсті — новости Казахстана

0

Желіде сиқыр көрсетпек болған қарияның видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Сіріңке қорабын ғажайыптың күшімен қозғалтқан атаның ерекше өнеріне көпшілік таңырқап қалған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Arnapress.kz

Фото: Arnapress.kz

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада қарт адам қолында ұстап тұрған сіріңке қорабын тылсым күштің көмегімен қимылдатқанын байқауға болады.

Оның бұл ерекше қабілетіне куә болғандар сиқыр көрсету сәтін камераға түсіріп, ғаламторға жүктеп жіберген.

Аз ғана уақытта тарап, мыңдаған лүпіл жинаған видеоға қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді.

Бірі сиқыршы атаның өнеріне тәнті болып жатса, енді бірі оның өтірігін әшкерелемек болған.



Дереккөз: kaz.nur.kz