Home Жаңалықтар Сириядағы жарылыста АҚШ әскерилері қаза тапқан

Сириядағы жарылыста АҚШ әскерилері қаза тапқан

0
146

Сәрсенбі күні Сирияның Манбиж қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар арасында төрт АҚШ азаматы болған. Бұл мәліметті “Ислам мемлекеті” экстремистік тобы таратты. Пентагонның хабарлауынша, әскерилерге шабуыл жасаған содыр сарбаздар отырған мейрамханаға барып өзін-өзі жарған. «Бұл 2015 жылдан бері Сириядағы АҚШ әскерилеріне жасалған ең ірі шабуыл» дейді олар. Адам құқығы жағдайын бақылау орталығы жарылыстан жалпы 19 адамның қаза тапқанын айтты.
Желтоқсан айының аяғында АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын жеңдік деп мәлімдеп, барлық америкалық әскерилердің «отанына оралатынын» айтқан. Трамп мәлімдемесіне дейін Сирияда екі мыңға жуық америкалық әскери болған, олардың көпшілігі – «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрескен күрд және араб жасағымен бір альянстағы арнайы әскери бөлімшелер.

Дереккөз: Азаттық