Сирияда «Стокгольмдегі шабуылға қатысы бар» екі тәжік азаматының ұсталғаны хабарланды

0

2017 жылы Стокгольмде болған «қанды шабуылға қатысы бар» делінген екі тәжік азаматы Сирияда қамауда отыр. Швед полициясының дерегінше, Кори Усмон және Абу Аюб Кулоби деген лақап атпен танылған екі адам осы шабуылға байланысты өмірлік түрме жазасына кесілген Рахмат Акиловпен байланыста болған.

Полиция дерегінше, Акилов екі жыл бұрын Стокгольм орталығындағы жаяу жүргіншілер аймағында адамдарға жүк көлігімен шабуыл жасаған.

Усмон мен Кулоби шабуыл алдында Акиловпен Zello және Telegram мессенжерлері арқылы байланысқан. Шабуылдан бес адам қаза тауып, он адам жараланған.

Стокгольм соты өткен жылы 41 жастағы Акиловты өмірлік түрме жазасына кесті, бірақ ол кезде оның сыбайластары табылмаған еді. Швед полициясы Акиловтың смартфонына орнатылған Zello және Telegram қосымшасынан «террорға қатысы бар» делінген бірнеше адамның байланыс нөмірін тапқан.

18 желтоқсанда Азаттықтың Тәжік қызметі шабуылға қатысы бар делінген екі тәжік азаматының Сирияда қамауда отырғанын хабарлаған.

Azattyq