Сирияда Ресей авиациясының шабуылынан 23 адам мерт болды
Сирияның солтүстігіндегі Маарет әл-Нуман қаласында Ресей әскери ұшақтарының шабуылынан кемінде 23 бейбіт тұрғын қаза болған. AFP агенттігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақтар шабуылы 22 шілдеде жасалған.
Құқыққорғаушылардың мәліметінше, шабуылдан жергілікті жеміс-жидек базары мен тұрғындар баспанасы қираған. Шабуылдан кемінде 45 адам жараланған, олардың кейбірі ауыр жағдайда ауруханаға түскен деп хабарланды.
Ресей әуе шабуылы туралы ақпаратты «жалған хабар» деп отыр.