Сирия Араб лигасына қайта оралды

0

Сирияның Араб Лигасына мүшелігі оппозицияны аяусыз басып-жаншу салдарынан 12 жыл бұрын тоқтатылды, бірақ қазір ұйым мүшелері мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге дайын.

Араб лигасының мүшелері ұйымның Каирдегі штаб-пәтерінде қайтаруды қолдап немесе қарсы дауыс беруді шешті, деп жазады Euronews.

Дамаск мүшелігі 2011 жылы азаматтық соғысқа әкеп соқтырған демократиялық шерулерді күшпен басып-жаншу салдарынан тоқтатылды. Енді Араб лигасы дипломатиялық жолды таңдады.

Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри: «Біз (Сириядағы) дағдарысты шешудің жалғыз жолы – Сирияның ішінен ешқандай сыртқы араласусыз келетін саяси шешім екеніне толық сенімдіміз», – деді.

Катар бастаған Сирияның қайтарылуына қарсылар, олардың сөзімен айтқанда, «Асад режимінің зұлымдықтарын ақтайтын» бұл шешім тұрақтылық әкелмейді және босқындар дағдарысын шешпейді деп санайды. Керісінше бүкіл аймақтағы әділет пен адам құқықтарына жойқын соққы болады деп отыр.

Араб мемлекеттері лигасы – 1945 жылы Александрия хаттамасы негізінде құрылған ұйым. Оның құрамына 18 араб тілді мемлекет, Палестина мемлекеті және Шығыс Африканың үш мұсылман елі: Комор аралдары, Сомали және Джибути кіреді.