Синоптиктер қаңтар айында ауа-райы қандай болатынын айтты

0

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  «Қазгидромет» орталығының дерегін негізге алып. 

Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.

«Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25…30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2…7, кей жерлерде 12 градус  аяз, күндіз 5 градусқа жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз