Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

0
Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады


«Қазгидромет» РМК Астана мен еліміздің өзге 8 өңірінде ескерту жариялады.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, 22 қараша күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с артады.  

23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 25 м/с жетеді. 22 қарашада Астана қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

23-24 қарашада бұрқасын күтіледі. 22 қараша таңертең және күндіз, 23-24 қарашада күндері оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.   

24 қараша күні Қызылорда мен Жамбыл облыстарында, 24 қараша күні күндіз Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 23-28 м/с,  жекелеген аумақтарда 30 м/с дейін артады.