Сіңір тартылуы


Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.
Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.
Керу: Балдырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтары жоғары қарайтын күйде аяқ басқа қарай тартылады және осы қалыпта 30 секунд уақыттай тұрады.
Ыстық-суық емі: Сіңір тартылған жер мұзбен 5 минут уқаланады. Сол кезде қызарса, қан жасушаларының бұлшық еттерді жылытқанын білдіреді. Ыстық суды бір қапшыққа құйып, сол қапшықпен де бұлшық етті босатуға болады.
Азық: Сіңір тартылу жиі-жиі кездескені, дененің кейбір минералдар (калий, кальций) тұрғысынан жеткіліксіз азықтанғанын білдіреді. Кальций үшін майсыз сүт және айран, ал калий үшін картоп, банан сияқты жемістер желінеді.
Жеткіліксіз сұйықтық: Денеге жеткіліксіз мөлшерде су кірмегендіктен сіңір тартылуына себеп болады. Сол себепті жүйелі түрде су ішіледі.
Көмекші азықтар: Бал, түнде болатын аяқтағы сіңір тартылуларының алдын алуы мүмкін. Алмадан жасалған сірке суы калий элементіне қанық келеді.]
Дереккөз: http://reactor.inform.kz