СІМ Түркияда COVID-19 анықталған 50 қазақстандық туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Түсініктемеде «Қазақстаннан Анталияға ұшып кеткен 55 адам КВИ-мен ауруханаға жатқызылды» делінген.

0
19
Сурет: myseldon.com
Advertisement

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы ауруханаға жатқызылған қазақстандықтар туралы ақпаратты растамады.

Әлеуметтік желілерден хабарлама жазылған скриншотты журналист Михаил Козачков Telegram каналында жариялады. Хабарламада «Қазақстаннан Анталияға ұшып кеткен 55 адам КВИ-мен ауруханаға жатқызылды» делінген.

Коронавирусты жұқтырған қазақстандықтар табылған жағдайда, түрік дипломаттары бұл туралы қазақстандық тарапты хабардар етеді.

«Біздің Анталиядағы дипломаттарымыз қазір жағдайды біліп жатыр», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз