Министрлік Оңтүстік Кореяда қаза болған қазақстандықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді

0
0

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың өлімі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын-ала ақпараты бойынша, олар жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жұмыс орнында алған жарақаттарға байланысты қаза болды. Аталған жағдайлар бойынша тергеу басталды. Айта кету керек, отандастарымыз Кореяда заңсыз жүрегн», – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол қаза тапқандардың туыстарымен байланыс орнатылғанын айтты. Елшіліктің консулдық бөлімі, СІМ өкілінің айтуынша, барлық қажетті құжаттарды ресімдейді және азаматтардың денелерін отанына қайтару бойынша барлық шараларды қабылдайды.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда Қазақстанның екі азаматы жазатайым жағдайдан қаза болғаны хабарланды. Оның бірі ер адам болса, екіншісі әйел азамат. Белгілі болғандай, 20 жастағы жігіт Түркістанның, 50 жастағы әйел Нұр-Сұлтанның тұрғыны.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз